Қадағалау Кеңесі Төрағасының үндеуі

Құрметті серіктестер, клиенттер, әріптестер!

Ordabasy Group – бұл еліміздің дамуымен қатар қалыптасу жолында өркендеген компаниялардың бірі. Біздің табыстарымыз Қазақстанның жетістіктерін бейнелейді. Күні бүгін, біздің кең ауқымды қаржыландыру қоржынымыз бар, ал біз қатысқан жобалар экономиканың барлық салаларында қолданады. Бұның барлығына жеткізген- мен үшін және баршамызға маңызды, үш негізді құндылық бар.
 
Ең бастысы, бұл біздің қызметкерлеріміз. Әрбір өндірілген электрқуатының киловатты, шығарылған «қара алтынның» баррелі, әрбір салынған шаршы метрі адамдардың талжымас еңбегін құрайды. Атап айтқанда,өзімізге жүктеген міндеттерімізді сапалы орындау солардың кәсібилігіне байланысты. Ordabasy Group тобында қалыптасқан жұмыс жүйесі, қызметкерлерге өзінің әлеуетін толық ашуға және компания жетістіктеріне қатыстылығын толық сезінуге мүмкіндік береді.
 
Екінші негізгі фактор – бәсекелестікке талпыну. Біз бүгін қаржы нарығында бәсекелестік артықшылығын иеленгенімізге зор сенім артамыз. Біз қызметімізде ең үнемді халықараларалық тәжірибелерді қазақстандық тұрмыс-өмірде күнделікті қолдану арқылы енгізудеміз. Біз елімізде бұдан бұрын қолданылмаған өндірістік түрлерін іске қостық. Ең маңыздысы, біз өз дамуымызда кідіріс жасамаймыз және жаңа мүмкіндіктерді барынша пайдалануға әрқашан дайынбыз.
 
Үшінші түйінді қағидамыз – ашықтық және әлеуметтік жауапкершілік. Бұның артықшылығын бағалау өте күрделі, себебі, әр заманда, бизнесменнің танымдылығы оның табыс өлшемін құрайды. Біз бизнесті тұрақтылыққа және ұзағынан дамытуға негіздеп жүзеге асырамыз.
 
Менің ойымша, осы құндылықтарды бағалау арқасында біз Тұлға болып қалыптасып, компанияның алдағы дамуына тұрақты іргетас орнатуға демеу алдық! Ең жақын уақытта, біз жаңа белестерге және жеңістерге жеткенімізді айқындап, Сіздермен қуанышымызды бөлісуге ортақтас болғандарыңызды қалаймыз!
 
Ізгі тілекпен,
Дінмұхамет Аппазұлы Ыдырысов

 

Байланыс

050000, Қазақстан, Алматы қ-сы, Төле би, 63
тел.: +7 (727) 331 77 07
факс: +7 (727) 331 00 77